Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қазанда № 7232 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюкке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           С. Нокин

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________ Б. Жәмішев
      2011 жылғы «___»_____________

Қазақстан Республикасы     
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің 
2011 жылғы 26 тамыздағы    
№ 306 бұйрығымен        
бекітілген           

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі

      1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңынына сәйкес әзірленген.
      2. Әдістеме мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін өндіріп алынатын төлемақы мөлшерін есептеу үшін тұрғын үй қатынастары саласында қолдануға ұсыным ретінде ұсынылады.
      3. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемақы кірмейді.
      4. Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге).
      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
      Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:

Р= Гз /12/ п

      мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);
       п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.10.2013 № 274/НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

А= Ц/Т/12+Р

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.10.2013 № 274/НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл.
      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

А= Ц/Т/12

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.10.2013 № 274/НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады