Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 27.04.2018 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері белгіленсін.
3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Рудный қаласы болып айқындалсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 4 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы |
М. Мамонтова |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | В. Лощинин |
"Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер
департаментінің Рудный қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_____________________ С. Узакбаев
27 қыркүйек 2016 жылы
Мәслихаттың 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 53 шешіміне 1-қосымша дағы |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері |
Автотұрақтардың |
1 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), жабық түрдегі жер үсті автотұрақтар (паркингтер) | I |
2 | Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер) | II |
3 | Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер) | III |
Мәслихаттың 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 53 шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылған мөлшерлері |
1 | I санат | 10 есе |
2 | II санат | 9 есе |
3 | III санат | 8 есе |