Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 53 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қазанда № 6671 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 27.04.2018 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері белгіленсін.

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Рудный қаласы болып айқындалсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 4 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы
М. Мамонтова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин

      "Қазақстан Республикасының Қаржы

      министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің

      Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Рудный қаласы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      _____________________ С. Узакбаев

      27 қыркүйек 2016 жылы

  Мәслихаттың
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 53 шешіміне 1-қосымша дағы

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтардың
(паркингтердің)
санаттары

1

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), жабық түрдегі жер үсті автотұрақтар (паркингтер)

I

2

Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер)

II

3

Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер)

III


  Мәслихаттың
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 53 шешіміне 2-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылған мөлшерлері

1

I санат

10 есе

2

II санат

9 есе

3

III санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады