Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 28.04.2020 № 459 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төртінші | |
кезекті сессиясының төрағасы | Ж. Құсайын |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | В. Лощинин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудныйқалалық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
_______________________ А. Чичинов
2016 жылғы 23 желтоқсан
Мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 74 шешіміне қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,9 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,26 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,7 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 6,5 |
5 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,21 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
7 | Емханалар | 1 адам | 0,5 |
8 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,92 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,19 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,68 |
11 | Кинотеатрлар, ойын - сауық орталықтар | 1 орын | 0,38 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,14 |
14 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
15 | Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,9 |
16 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 3,07 |
17 | Өнеркәсіптік дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
19 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
20 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
24 | Автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 4,9 |
25 | Автотұрақтар | 1 машина-орын | 0,3 |
26 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 6,57 |
27 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,3 |
28 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,62 |
29 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
30 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
31 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 1,57 |
32 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,5 |