Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.02.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 418 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-4-183 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету жүзеге асырылсын.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХIV сессияның төрағасы | И. Неявко |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
_____________Ж. Утепова
2016 жылғы "17" наурыз
Мәслихаттың | |
2016 жылғы 17 наурыздағы | |
№ 425 шешіміне | |
қосымша | |
Мәслихаттың | |
2011 жылғы 1 сәуірдегі | |
№ 418 шешіміне | |
қосымша |
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
Бағалау аймақтың нөмірі | Жерсалығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы |
1 | +50 |
2 | +40 |
3 | +30 |
4 | +20 |
5 | 0 |
6 | -50 |