Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.02.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 18.08.2015 № 338 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ( Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес және Қостанай облысы Лисаков қаласының жерлерін өңірлерге бөлу схемасының негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету жүзеге асырылсын.Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 17.03.2016 № 425 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы, қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Кривошея |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Қостанай облысы бойынша
Салық Департаменті Лисаков
қаласы бойынша Салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ М. Уржанов
"Лисаков қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Н. Турлубекова
Мәслихаттың 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 418 шешіміне қосымша |
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 17.03.2016 № 425 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бағалау аймақтың нөмірі |
Жерсалығының базалық мөлшерлемелерін төмендету |
1 | +50 |
2 | +40 |
3 | +30 |
4 | +20 |
5 | 0 |
6 | -50 |