"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау арқылы қағиданың 10-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшін ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 26 тамызда туындаған қарым-қатынасқа қатысты таратылады.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 215 қаулысына қосымша |
2016 жылғы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
2 | Жаздық қатты бидай | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
3 | Сұлы | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
4 | Арпа | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
5 | Тары | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
6 | Кұнбағыс | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
7 | Рапс | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
8 | Зығыр | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
9 | Мақсары | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
10 | Қыша | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
11 | Бақша дақылары | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
12 | Жемшөпті дақылдар оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдардағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
13 | Сүрлемдік жүгері мен кұнбағыс | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
14 | Көкөністер | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
15 | Картоп | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |
16 | Шабындық және (немесе) жайлымдық алқаптары шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер | 26 тамыздан 17 қыркүйекке дейін |