Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 21.09.2020 № 419 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559 тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5.Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.".
7-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) "Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алумен байланысты оқуға ақы төлеу үшін нақты құны бойынша, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, алғашқы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім (бұдан әрі-білім) алатын барлық санаттағы мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі- мүгедектер), оқуға ақы төлеуге, табыстарын есепке алмай, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төртінші сессияның төрағасы |
М. Есенғалиев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д. Қойшыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысы
________________ Жылыспаев А.А.
2016 жылғы 22 желтоқсан