"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Қырым ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округі Озерное ауылына жақын орналасқан "Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қырым ауылдық округінің әкімі | Ғ. Шахайдари |
"Денисов ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ В.В.Шерер
2016 жылғы "26" ақпан
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Денисов
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Қ.Г.Исмағұлов
2016 жылғы "26" ақпан
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Денисов аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысының
м.а.
______________________ Б.Д.Байгелов
2016 жылғы "26" ақпан