Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 07.06.2018 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | А. Кенжегарин |
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Нургазин
2016 жыл 25 сәуір
Әкімдіктің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 38 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) басшы (директор);
2) басшының орынбасары (директордың);
3) интернат меңгерушісі;
4) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;
5) барлық мамандықтар мұғалiмдері;
6) әлеуметтік педагог;
7) педагог-психолог;
8) қосымша білім беретін педагог;
9) педагог-ұйымдастырушы;
10) тәрбиелеуші;
11) музыкалық жетекші;
12) аға тәлімгер;
13) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
14) аға әдістемеші, әдістемеші;
15) медициналық бике;
16) кітапхана меңгерушісі;
17) кітапханашы;
18) логопед-мұғалім, логопед;
19) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы;
20) хореограф;
21) өндірістік оқыту шебері.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) барлық атаудағы суретшілер;
4) кітапханашы;
5) барлық атаудағы әртістер;
6) режиссер;
7) әдіскер;
8) библиограф;
9) көркем жетекші;
10) хореограф;
11) механик.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) басшының орынбасары (директордың);
3) медициналық бике/аға;
4) жаттықтырушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринар дәрігер;
2) ветеринар фельдшер.