1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6618 болып тіркелген) салынған, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Айнабұлақ шағын ауданы, 249-үй мекенжайы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 07 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жітіқара ауданы | |
Жітіқара қаласының әкімі | К. Акжигитов |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Т. Рамазанов
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жітіқара
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Т. Нургазин