Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 6618 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 14.03.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 01-20/188 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Айнабұлақ шағын ауданы, 249-үй мекенжайы бойынша құтыру ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жітіқара аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Жітіқара ауданы
      Жітіқара қаласының әкімі К. Акжигитов

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      Ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Т. Рамазанов
      2016 жылғы 26 тамыз
      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау жәнеқадағалау
      комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы
      _________________ Е. Айменов
      2016 жылғы 26 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады