Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 02.09.2020 № 352 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 333 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Досмұхамбетова |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қыстаубаева |
"Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
_______________________ А. Мақаева
2016 жылғы 16 тамыз
Мәслихаттың 2016 жылғы 16 тамыздағы № 52 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – комиссия, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) алынып тасталды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 10.10.2019 № 276 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Қостанай облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) халықты жұмыспен қамту орталығы – заңды тұлға, ауданның, жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 29.03.2019 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 15.02.2019 бастап туындаған қатынастарға таратылады); 10.10.2019 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2020 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 10.10.2019 № 276 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Жеңіс күні – 9 Мамыр мереке күні болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 10.10.2019 № 276 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Әлеуметтік көмек мерзімді (айсайын, жартыжылдықта 1 рет көрсетіледі):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
3) білім гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алушы тұлғаларға, Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын, 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі оның ішінде:
өтініш жасаудың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы, Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына;
табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) барлық санаттағы мүгедектерге, емделуге және тексерілуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың шипажайлар мен оңалту орталықтарына жол жүруімен және кері қайтуымен байланысты шығындарын өтеуге, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
4) алынып тасталды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күнi халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретiнде тiркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
6) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттiлiктеріне, 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
7) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
9) Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерде;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерде;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Совет Социалистік Республикасы, Беларусь Совет Социалистік Республикасы, Литва Совет Социалистік Республикасы, Латыш Совет Социалистік Республикасы, Эстон Совет Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерде;
екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерде;
соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген өзге санаттағы адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде.
10) алынып тасталды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 10.10.2019 № 276 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 21.12.2016 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2017 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2019 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 15.02.2019 бастап туындаған қатынастарға таратылады); 28.06.2019 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 09.05.2019 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады); 10.10.2019 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2020 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
9. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегi Қостанай облысы бойынша белгiленген бiр еселiк ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде орнату.
10. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетiлген жағдайлар туындаған күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей көрсетiледi.
11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 10.10.2019 № 276 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13. Ай сайынғы әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, оны осы Қағидалардың күшіне енгеніне дейін алған адамдарға алушылардан өтініштер және құжаттар талап етілмей көрсетіледі. Қайта жүгінген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
3) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
17. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
19. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
20. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
22. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
23. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтiк көмекті төлеу уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмек алушының банктiк шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қамысты ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.