Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 02.09.2020 № 352 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2 - 3 – тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 16 тамыздағы № 52 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 тіркелген, 2016 жылғы 16 қыркүйекте "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқуды төлеу үшін тұлғаларға, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды мемлекеттік бюджеттен өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, бастапқы техникалық және кәсіптік білімді, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты, оқу жылы iшiнде екi бөлiніп аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде, оның ішінде:
жүгінген алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының ұсынымы бар, соның ішінде мүгедектерге, мүгедек-балаларға;".
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Төлебаева |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қыстаубаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Қамысты ауданы әкімдігініңжұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
___________________ А. Мақаева