Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 02.11.2018 № 314 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139–бабының 9–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақылар мен мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Екінші сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Тюлюбаев |
қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
____________________ Н. Сидорова
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
__________________ Г. Есенова