"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне және "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 6547 болып тіркелген) сәйкес, Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 қантардағы № 2 "Бөрлі ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-103 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақ алынып тасталсын, 3-тармақ келесі мазмұнда 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Целинная көшесі;
6) Лесная көшесі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Жиеналин |