2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 "Бөрлі ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қазанда № 6673 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне және "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 6547 болып тіркелген) сәйкес, Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 қантардағы № 2 "Бөрлі ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-103 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      2-тармақ алынып тасталсын, 3-тармақ келесі мазмұнда 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) Целинная көшесі;
      6) Лесная көшесі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       А. Жиеналин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады