Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 27.06.2018 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, қаржы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселері жөніндегі Қарасу ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қарасу ауданының әкімі | А. Шәмшиев |
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы
_________________ С. Қазиев
14 сәуір 2016 жыл
Әкімдіктің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) жұмыспен қамту орталығының маманы;
3) күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
4) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
2. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықты мұғалiмдер;
2) мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
3) мектепке дейінгі білім беру мекемесінің мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсiпорынның басшысы;
4) мұғалім - дифектолог;
5) логопед, мұғалім - логопед;
6) әлеуметтiк педагог;
7) ұйымдастырушы- педагог;
8) қосымша бiлiм беретін педагог;
9) педагог-психолог, психолог;
10) тәрбиелеушi, тәрбиелеушi -ана;
11) музыкалық жетекшi;
12) тәлімгер;
13) дене тәрбиесi нұсқаушысы;
14) зертханашы;
15) әдістемелік кабинеттің басшысы, әдіскер;
16) мейірбике;
17) емдәмдік мейірбике;
18) хореограф;
19) кiтапханашы;
20) кiтапхананың меңгерушiсi;
21) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы -оқытушы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеменің және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның басшысы;
2) мемлекеттiк мекеменің және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
3) көркемдік жетекшісі;
4) суретші;
5) барлық атаудағы техниктер;
6) кiтапханашы;
7) библиограф;
8) мәдени ұйымдастырушы;
9) аккомпаниатор;
10) хореограф;
11) әдіскер.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) жаттықтырушы;
4) әдiскер.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.