Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 70 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 6754 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 511 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 13.04.2020 № 511 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6610 тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-тармағының 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "10) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;";
      7-тармақ 1-1) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "1-1) бiлiм беру гранттарының иегерлерi, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм алуға, сондай-ақ, екiншi техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алу үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлемдердiң өзге де түрлерiн алушылары болып табылатын мүгедектердi қоспағанда Қостанай ауданының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм алатын мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының төлемімен 100 пайыз мөлшерiнде, бірақ жылына 200 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардағы туындаған қатынастарға таратылады.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы В. Проценко
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Копжасаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________ В. Панин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ З. Кенжегарина

О внесении изменения и дополнения в решение маслихата от 11 августа 2016 года № 51 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Костанайского района Костанайской области от 5 декабря 2016 года № 70. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 декабря 2016 года № 6754. Утратило силу решением маслихата Костанайского района Костанайской области от 13 апреля 2020 года № 511

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Костанайского района Костанайской области от 13.04.2020 № 511 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Костанайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата от 11 августа 2016 года № 51 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6610, опубликовано 15 сентября 2016 года в газете "Арна") следующее изменение и дополнение:
      подпункт 10) пункта 2 вышеуказанного решения изложить в новой редакции:
      "10) центр занятости населения - государственное учреждение, создаваемое местным исполнительным органом района в целях реализации активных мер содействия занятости, организации социальной защиты от безработицы и иных мер содействия занятости в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения";
      пункт 7 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) инвалидам, в том числе детям-инвалидам, проживающим на территории Костанайского района и приобретающим техническое и профессиональное, послесреднее и высшее образование в учебных заведениях Республики Казахстан, в размере 100 процентов от оплаты фактической стоимости обучения, но не более 200 месячных расчетных показателей в год, в соответствующих организациях образования, за исключением инвалидов, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных видов выплат за счет средств государственного бюджета для получения технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, а также инвалидов, получающих второе техническое и профессиональное, послесреднее, высшее или послевузовское образование;".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2017 года.

      Председатель внеочередной сессии
      Костанайского районного маслихата В. Проценко
      Секретарь Костанайского
      районного маслихата Б. Копжасаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных программ"
      акимата Костанайского района
      _________________ В. Панин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел экономики и финансов" акимата
      Костанайского района
      __________________ З. Кенжегарина