Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 196 "Тіркелінген салықтың бірыңғай ставкасын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-110 тіркелген, 2009 жылғы 7 тамызда "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында, 1-тармағында "ставкасын", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
В. Проценко |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Копжасаров |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Т. Кабдуллин
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ З. Кенжегарина