Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімінің тақырыбында "ставкасын", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.12.216 № 67 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 419, 420, 422-баптарына және Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 12 маусымдағы № 39-08-ОАНП/2660 хатына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Тіркелінген салықтың бірынғай мөлшерлемесі белгіленсін:
1) Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер айына 1 айлық есептік көрсеткіші;
2) Бильярд үстелі айына 3 айлық есептік көрсеткіші.
Ескерту. 1-тармақта "ставкасын", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.12.216 № 67 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының тоғызыншы сессиясының төрағасы |
Г. Бекбосынова |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
Н. Төлепов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қаржыМинистрлігінің салық комитеті
Қостанай облысы бойынша салық
Департаментінің Қостанай ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Б. Сүлейменов