1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 184/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелді, 2015 жылғы 8 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 58-жолдағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 86-жолдағы "75" деген сандар "94" деген сандармен ауыстырылсын.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орындарында орналастыруды;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |