Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта 43) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";
"Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "1" наурыздағы № 95/3 қаулысына қосымша |
"Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі – КМҚК):
1) "Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" КМҚК;2) "Май орталық аудандық ауруханасы" КМҚК;
3) "Павлодар ауданының поликлиникасы" КМҚК;
4) "Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері" КМҚК;
5) "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" КМҚК;
6) "Екібастұз медициналық колледжі" КМҚК;
7) "Павлодар облысының паллиативтік көмек ауруханасы" КМҚК;
8) "Павлодар облыстық қан орталығы" КМҚК;
9) "Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері" КМҚК;
10) "Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" КМҚК.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ КМК):
1) ШЖҚ "Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" КМК;2) ШЖҚ "Павлодар облыстық балалар ауруханасы" КМК;
3) ШЖҚ "Павлодар облыстық наркологиялық диспансері" КМК;
4) ШЖҚ "№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы" КМК;
5) ШЖҚ "Павлодар облыстық тері-венерологиялық диспансері" КМК;
6) ШЖҚ "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" КМК;
7) ШЖҚ "Павлодар облыстық диагностикалық орталық" КМК;
8) ШЖҚ "№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК;
9) ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" КМК;
10) ШЖҚ "№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК;
11) ШЖҚ "Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы" КМК;
12) ШЖҚ "Павлодар қаласының № 1 емханасы" КМК;
13) ШЖҚ "Павлодар қаласының № 2 емханасы" КМК;
14) ШЖҚ "Павлодар қаласының № 4 емханасы" КМК;
15) ШЖҚ "Павлодар қаласының № 5 емханасы" КМК;
16) ШЖҚ "Екібастұз қалалық ауруханасы" КМК;
17) ШЖҚ "Екібастұз перзентханасы" КМК;
18) ШЖҚ "Екібастұз қаласының № 1 емханасы" КМК;
19) ШЖҚ "Екібастұз қаласының № 2 емханасы" КМК;
20) ШЖҚ "Екібастұз қаласының № 3 емханасы" КМК;
21) ШЖҚ "Ақсу орталық ауруханасы" КМК;
22) ШЖҚ "Железин орталық аудандық ауруханасы" КМК;
23) ШЖҚ "Успен орталық аудандық ауруханасы" КМК;
24) ШЖҚ "Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы" КМК;
25) ШЖҚ "Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы" КМК;
26) ШЖҚ "Баянауыл орталық аудандық ауруханасы" КМК;
27) ШЖҚ "Ертіс орталық аудандық ауруханасы" КМК;
28) ШЖҚ "Качиры орталық аудандық ауруханасы" КМК;
29) ШЖҚ "Лебяжі орталық аудандық ауруханасы" КМК;
30) ШЖҚ "Шарбақты орталық аудандық ауруханасы" КМК;
31) ШЖҚ "Павлодар медициналық колледжі" КМК;
32) ШЖҚ "Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы" КМК;
33) ШЖҚ "Павлодар қаласының № 3 емханасы" КМК;
34) ШЖҚ "Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы" КМК.
3. Мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – ММ):
1) "Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі" ММ;2) "Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі" ММ;
3) "Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" ММ.