1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 95/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5041 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).
2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімінде аумақтық әділет органына жіберуді;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |