Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 12.12.2018 № 1182/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленсін.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "29" ақпан № 215/3 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы
орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 17.09.2018 № 895/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
р/с№ | Атауы |
1 | Қалалық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |
2 | Егер де сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үш мың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |