Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 12.12.2018 № 1182/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" (Павлодар облысының әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4988 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда № 11 (1313) "Отарқа" және № 11 (3125) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 215/3 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы 4-жолмен толықтырылсын:
" | 4 | Егерде сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) он мың есе айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе айлық есептік көрсеткішке дейін болса, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде конкурс (аукцион) әдістерімен жұмыстарды мемлекеттік сатып алулары | ". |
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | К. Нукенов |