Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 17.08.2020 № 315/65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы (V шақырылған, кезектен тыс XL сессиясы) "Ақтоғай ауданы елді мекендері аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізуді қосымша регламенттеу туралы" № 172/40 (Нормативтік құқықтық актілердің мемелекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4372 болып тіркелген, 2015 жылдың 28 наурыздағы № 12 "Ауыл тынысы", № 12 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
мәслихат хатшысы | Ж. Ташенев |
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 10/2 шешімімен бекітілді |
Ақтоғай ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің
қосымша тәртібі
1. Ақтоғай ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Ақтоғай аудан әкімінің аппаратына өтініш беріледі.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Ақтоғай аудан әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
5. Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4 тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жана өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.
7. Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай - ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге де уақыты мен жерін ұсынады.
8. Егер, Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғаның міндетті түрде хабарлауы қажет.
9. Ақтоғай ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:
а) Ақтоғай ауылы, Абай көшесі мемориал алдында;
б) Ақтоғай ауылы, Храмов көшесі, Мәдениет үйінің алдында.
10. Ақтоғай ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:
а) Абай көшесімен мемориалдан Мәдениет үйіне дейін;
б) Храмов көшесімен Мәдениет үйінен Абай көшесіне дейін.
11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай - ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
12. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
13. Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың тыйым салынады іс-шаралар:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
7) алкогольдік және есерткілік масаңдық күйде қатысуына.
14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольді ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды, және олардың аналогтары мен прекурсорларың қолдануға; транспоранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видио) пайдалануға, құрамында қоғамдық тәртiпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай - ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.
15. Пикеттер белгіленген кезендерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.
16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:
1) пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;
2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;
3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту;
17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратынан рұқсат алу қажет.
Ақтоғай ауданының әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.
Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.
18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.
19. Қорғаныс қауіпсіздігін және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен) денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.
20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай – ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Ақтоғай ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.
21. Ақтоғай ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiнде туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.