Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 05.06.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) және 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "9" қарашадағы № 275 қаулысына 1 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Ақтоғай
ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
р/с№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Актогай-Агро" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 140 | 2 | 2 |
2. | "Ақтоғай ауданы әкімдігі Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ақтогай-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 58 | 2 | 1 |
3. | "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 126 | 1 | 1 |
4. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 205 | 1 | 2 |
Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "9" қарашадағы № 275 қаулысына 2 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Ақтоғай
ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы
р/с№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, адам |