Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы "Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы" № 250-5/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада № 4198 болып тіркелген, "Родные просторы" және "Туған өлке" газеттерінің 2014 жылғы 6 желтоқсандағы № 49 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесінде:
4-бөлімдегі 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"15. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат) отбасы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Железин аудандық бөліміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тұрақты комиссияcына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Тлебалдина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |