Железинка аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 80/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5419 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы "Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы" № 250-5/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада № 4198 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2014 жылғы 6 желтоқсандағы № 49, "Родные просторы" газетінің 2014 жылғы 6 желтоқсандағы № 49 санында жарияланған);
      2) Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы (VI сайланған IV (кезектен тыс) сессиясы) "Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы "Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы" № 250-5/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 23/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 5175 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 31, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 31 санында жарияланған).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады