Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.12.2019 № 329/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 46/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4987 болып тіркелді, 2016 жылғы 19 наурызда ауданның № 11 "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Дубовицкий |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "11" тамыздағы № 196/5 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
Павлодар облысы Ертіс ауданы бойынша бірыңғай
ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№ р/с | Атауы |
1 | Аудандық атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламарының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |
2 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы он бес мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, ауданның тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алулар |
3 | "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" шеңберінде сатып алуға бөлінген лоттың сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |