Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.12.2019 № 329/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ертіс ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.
2. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастарушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес орындалады.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.
4. "Ертіс ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Ертіс ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Ақтаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Дубовицкий |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "2" наурыздағы № 46/1 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Павлодар облысы
Ертіс ауданы бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 05.12.2018 № 333/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с№ | Атауы |
1 | Аудандық жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілдерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу |
2 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу |