Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы мәслихатының 22.04.2019 № 7/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасыны сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіруі 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, әрбір кемтар балаға, тиісті оқу жылы ағымында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.
3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
4. Качир аудандық мәслихаттың (V сайланған XXXXI сессиясы) 2015 жылғы 30 наурыздағы "Качир ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" № 11/41 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4421 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Тереңкөл тынысы" газетінің № 15, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Заря" газетінің № 15 жарияланған) күші жойылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Баяндинов |
Качир аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |