Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 7/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 сәуірде № 6320 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 5/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 05.11.2021 № 5/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақсан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, әрбір кемтар балаға, тиісті оқу жылы ағымында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.

      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      4. Качир аудандық мәслихатының (VI-сайланған IV-сессиясы) 2016 жылғы 13 маусымдағы "Качир ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" № 1/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5151 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 шілдеде "Тереңкөл тынысы" және "Заря" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Бурмин
      Мәслихат хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады