Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 12.02.2019 № 1/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы Май ауданының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есе жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 19.07.2016 N 2/5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 4/50 "Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 4632 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 8 тамызында № 32 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Жұмабекова |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |