Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 4/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 4632 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы № 2/59 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 2/59 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кезінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Н. Жұмабекова
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады