Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 10.09.2021 № 220/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар Май ауданының ұйымдарына:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Қаңтарбаев |
Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 222/11 қаулысына қосымша |
Май ауданының ұйымдарына мүгедектер
үшін жұмыс орындарының квотасы
№ р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны, адам |
1. | "Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі | 56 | 2 | 1 |
2. | "Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі | 67 | 2 | 1 |
3. | "Май жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі | 53 | 2 | 1 |
4. | "Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі | 70 | 2 | 1 |
5. | "Май орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 190 | 3 | 5 |
6. | "Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі | 107 | 3 | 3 |
7. | Май ауданының әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 64 | 2 | 1 |