Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 222/11 "Май ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 220/9 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы әкімдігінің "Май ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2016 жылғы 14 қарашадағы № 222/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5286 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі М. Актаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады