1. Май ауданы Көктүбек селолық округінде орналасқан "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында жылқы ринопневманиясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Көктүбек селолық округі әкімінің 2016 жылғы 1 шілдедегі "Май ауданы Көктүбек селолық округінің "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 шілдеде № 5172 болып тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 32 (8270) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктүбек селолық | |
округінің әкімі | Ә. Дүсіпов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылық | |
министрлігі ветериналық | |
бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Май | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Н. Жұмабаев |
2016 жылғы "29" қараша | |
"Май ауданының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі | |
басшысының міндетін атқарушы | Е. Ахметов |
2016 жылғы "29" қараша |