Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 29.12.2017 № 423/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 35/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4341 тіркелген, 2015 жылғы 19 наурыздағы № 11 (8029) "Заман тынысы" және № 11 (198) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетімен қаулымен бекітілген Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бабенко |
Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 70/3 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Павлодар ауданының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22.
10. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел образования Павлодарского района".
12. Мемлекет Павлодар ауданының әкімдігі тұлғасында "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
16. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі мақсаты білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
19. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономикалық қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
10) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
11) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
12) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
20. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және солармен қамтамасыз етеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
3) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
4) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
5) аудан деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептің ғылыми жобалар, олимпиадасы мен конкурстарын, орындаушылар конкурсын және кәсіби шеберлік конкурстарын, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
6) балаларға аудан деңгейінде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
7) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
8) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
10) білім беру саласының уәкілетті органдарына өтінімге сәйкес одан әрі жұмысқа орналастырумен ауылдық жерде кадрлар қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады;
11) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
12) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;
13) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
15) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
16) аудан деңгейіндегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
18) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
19) балаларға әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;
20) ақпараттандыру және кеңестер өткізудің тәртібін, баланың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды анықтайды;
21) ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді шығарады, олардың іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
22) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мүлкінің сақталуы мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
23) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
24) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізу үдерісінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады, бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
25) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
26) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
27) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
28) аудан әкімі тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және орындайды;
29) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнатады және дамытады;
30) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
31) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
32) ауданның білім беру объектілері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтеріне ішкі бақылауды жүзеге асырады;
33) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттіктеріне аттестаттау жүргізеді;
34) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда азаматтардың білім мәселелері бойынша ұсыныстарын, өтініштерін, арыз-шағымдарын уақытында қарастыруды қамтамасыз етеді;
35) ағымдағы шотқа ақшалай қаражатты аудару жолымен патронаттық тәрбиешілердің еңбекақысын төлеу.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімі мен әкімдігіне дамудың негізгі бағыттары, білім беру саласындағы мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында өкілдік ету;
5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
6) қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған басқа да құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
24. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
6) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
8) "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
26. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
27. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
28. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.
29. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.
"Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
33. "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:
Мемлекеттік мекемелер:
1) "Достық орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
2) "Ефремовка орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
3) "Заңғар орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
4) "Заря орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
5) "Красноармейка орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
6) "Луганск орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
7) "Маралды орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
8) "Мичурин орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
9) "Ольгинка орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
10) "Преснов орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
11) "Рождественка орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
12) "Розовка орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
13) "№ 1 Чернорецк орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
14) "№ 2 Чернорецк орта жалпы білім беретін мектебі" мемелекеттік мекемесі;
15) "Черноярка орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
16) "Шақат орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
17) "Ямышев орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
18) "Богдановка негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
19) "Григорьевка негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
20) "Духовницк негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
21) "Кеңес негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
22) "Сычев негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар:
Павлодар ауданы әкімдігі Павлодар ауданы әкімі жанындағы Павлодар аудандық білім беру бөлімінің "Павлодар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.