Павлодар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 423/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 5827 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ф.А. Ташимовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бабенко

  Павлодар ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
"29" желтоқсандағы
№ 423/12 қаулысына
қосымша

Павлодар ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 35/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4341 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 70/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      3. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 102/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4429 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      4. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 200/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4600 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      5. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 271/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4773 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашада "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      6. Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 наурыздағы "Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 35/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 70/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5059 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады