Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 12.06.2017 № 154/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетуді ескеріп, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған квотасы ұйым қызметкерлері тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бабенко |
Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" қарашадағы № 361/11 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін 2017 жылға жұмыс орындарының квотасы
№ р/с | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны, адам | Квоталанған жұмыс орындар саны, адам |
1 | "Луганск" өндірістік кооперативі | 252 | 2 |
2 | Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 359 | 3 |
3 | "Ертіс" шаруа қожалығы | 153 | 1 |
4 | "Киров" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 237 | 2 |
5 | "Зерноград" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 75 | 1 |