Павлодар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 154/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 5536 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы "Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 359/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5285 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Заман тынысы" және "Нива" газеттерінде жарияланған);

      2) Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы "Павлодар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 361/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5274 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада "Заман тынысы" және "Нива" газеттерінде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Сағандықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады