Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 23.07.2019 № 222/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4954 болып тіркелді, 2016 жылғы 19 наурызда ауданның № 11 "Аймақ ажары" және "Огни села" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Саламацкий |
Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "22" тамыздағы № 146/8 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№ р/с | Атауы |
1. | Ауданның жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу |
2. | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы жиырма мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, облыстың тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар |
3. | Аудандық атқарушы органдармен көзделген "Жұмыспен қамту Жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша іске асырылатын жобалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу |