Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 222/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 шілдеде № 6487 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Абушахманов

  Успен ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "23" шілдедегі
№ 222/7 қаулысына
қосымша

Успен ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4954 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы "Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы" № 146/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5225 болып тіркелген, 2016 жылғы 05 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Успен ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы "Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы" № 8/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5366 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 ақпанда "Апта Айнасы" және "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған).

      4. Успен ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі "Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 30/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 211/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6078 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады