Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 18/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 шілдеде № 5167 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (2014 жылғы 27 ақпанда аудандық "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген,) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1-тармақта:

      9) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (одан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      12), 13) тармақшалар алып тасталсын;

      7-тармақта:

      10) тармақшасы келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтырған тұлғалар;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      8-тармақта 2) тармақшасы келесі мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаты үшін 10 АЕК мөлшерінде - "Шарбақты аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған "Жұқтырылған Иммун Тапшылығының Синдромының алдын алу және күресу бойынша Павлодар облыстық орталығы" Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынымен келісілген тізімі негізінде;";

      9-тармақта 2) тармақшасында төртінші абзац алып тасталсын;

      23-тармақ алып тасталсын;

      25-1-тармақ алып тасталсын;

      3-1 тарауы алып тасталсын;

      26-тармақта 5) тармақша алып тасталсын;

      1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Калыбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

О внесении изменений и дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района"

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 22 июня 2016 года № 18/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 18 июля 2016 года № 5167. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 29 сентября 2020 года № 266/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 29.09.2020 № 266/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района" (опубликованное 27 февраля 2014 года в районных газетах "Маралды" и "Трибуна", зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3696) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района, утвержденных указанным решением:

      в пункте 1:

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по проинципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      подпункты 12), 13) исключить;

      в пункте 7:

      подпункт 10) дополнить абзацем третьим следующего содержания:

      "лица, инфицированные вирусом иммунодефицита человека;";

      подпункт 11) исключить;

      в пункте 8 подпункт 2) дополнить абзацем одиннадцатым следующего содержания:

      "для категории, указанной в абзаце третьем подпункта 10) пункта 7 в размере 10 МРП – на основании списка, предоставляемого Коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Щербактинская центральная районная больница" согласованного с Коммунальным государственным казенным предприятием "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе с Синдромом Приобретенного Иммуно Дефицита;";

      в пункте 9 в подпункте 2) абзац четвертый исключить;

      пункт 23 исключить;

      пункт 25-1 исключить;

      раздел 3-1 исключить;

      в пункте 26 подпункт 5) исключить;

      приложения 1, 2, 3, 4, 5 исключить.

      2. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянные комиссии Щербактинского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Калыбаев
      Секретарь районного маслихата С. Шпехт