Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 3696 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қоса ұсынылған Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
15 қаңтардағы
№ 106/37 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – ҮҚ).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс–тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Шарбақты ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      12) Алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13) Алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2015 N 217/61 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2019 № 191/56 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі

      3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20–бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16–бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндер мен атаулы күндер тізбесі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      2) Халықаралық қарттар күні – 1 қазан;

      3) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазанның 2 жексенбісі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 14.07.2014 N 134/46 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін, Павлодар облысының ЖАО бекітетін ережелері негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің шекті
мөлшерлерін белгілеу тәртібі туралы

      7. Әлеуметтік көмек мына санаттардағы азаматтарға ұсынылады:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері (бұдан әрі – ҰОС);

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтар;

      концлагерлердiң бұрынғы кәмелет жасқа толмаған тұтқындары;

      ҰОС кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери–Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

      Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметкерлері;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген басқа да санаттардағы тұлғалар, атап айтқанда:

      қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай–ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

      1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар;

      ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;

      4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

      5) ең төмен зейнетақы және жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, атап айтқанда:

      жалғызбасты және жалғыз тұратын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

      80 және одан үлкен жастағы, зейнеткерлер;

      6) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      1, 2, 3 топтардағы мүгедектер;

      церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар отбасылар;

      кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедектер;

      гемодиализге мұқтаж 1 топ мүгедектері;

      7) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

      8) жан басына шаққандағы табысы облыста белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқитын студенттері, жетім балалар және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын зейнеткерлік алдындағы жұмыссыздар (жасына қарай екі жыл қалғанда зейнетке шығу);

      бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      12 аптаға дейін жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын жүкті әйелдер;

      жасанды тағаммен тамақтандыратын 1 жасқа дейінгі емізіктегі баласы бар, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар;

      ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мектеп жасындағы балалары бар отбасылар;

      уәкілетті органда жұмыссыз ретінде есепте тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын жұмыссыздар;

      өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтар: тұрғын жайдың өрті немесе стихиялық апат, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын емделуге қажетті ауыру, 1 айдан аса ұзақ ауыру, ота жасауды қажет ететін ауыру;

      табысы төменгі күнкөріс деңгейі белгіленген мөлшері аспайтын отбасылар;

      10) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар, атап айтқанда:

      онкологиялық ауруына шалдыққан тұлғалар;

      туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;

      адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтырған тұлғалар;

      11) Алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2015 N 217/61 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2016 № 6/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2019 № 191/56 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      8. Уәкілетті орган табысын есептемей көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Жеңіс күніне орай:

      осы Қағиданың 7 тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген санаттарға – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында 3) тармақшасының бірінші, үшінші абзацтарында 4) тармақшасында көрсетілген санаттарға – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      Халықаралық қарттар күніне орай:

      осы Қағиданың 7 тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттарға – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      осы Қағиданың 7 тармағы 6) тармақшасының бірінші, екінші (тек қана 1, 2 топтардың мүгедектері), төртінші абзацтарында көрсетілген санаттарға – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 7 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға отын сатып алу үшін 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 1) тармақшасында, 2) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға тіс протезін орнату үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, медициналық анықтама (тіс протезіне жұмсалатын шығындар көрсетілуі тиіс) негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 6) тармақшасының екінші абзацында (3 топтағы мүгедектер ғана) көрсетілген санаттарға 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға (тек қана–жетім балалар, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) 5 АЕК мөлшерінде – қамқоршының жеке есепшотына "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 8) тармақшасында көрсетілген "Отбасы үлгісіндегі Шарбақты балалар үйі" мемлекеттік мекемесінде тұратын санатттарға (жетім балалар, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) 10000 (он мың) теңге мөлшерінде – баланың жеке есепшотына "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға ағымдағы жылда мектеп бітірген (тек қана – жетім балалар) 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде – "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде, жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, орта білімі туралы аттестат және жетімдік мәртебесін растайтын құжаттар бар болған жағдайда;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде – "Шарбақты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімі негізінде, жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, бас бостандығынан айыру орнынан бостандыққа шыққандығы туралы анықтамасы бар болған жағдайда;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының тоғызыншы абзацында (өрт немесе стихиялық апат) көрсетілген санаттарға 60 АЕК мөлшеріне дейін (аудандық арнайы комиссия шешімі бойынша);

      осы Қағиданың 7 тармағы 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға емделу үшін 10 АЕК мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, онкологиялық ауруын растайтын медициналық аңықтама;

      осы Қағиданың 7 тармағы 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде – "Павлодардың туберкулезге қарсы диспансері" қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Шарбақтының туберкулезге қарсы кабинеті ұсынған тізімі негізінде;

      7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаты үшін 10 АЕК мөлшерінде - "Шарбақты аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған "Жұқтырылған Иммун Тапшылығының Синдромының алдын алу және күресу бойынша Павлодар облыстық орталығы" Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынымен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын-үйге жөндеу жүргізу үшін 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, үй иелігі құқығын растайтын құжат, тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі негізінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 7 тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға сауықтыру үшін 2 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 7 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға дәрі–дәрмек сатып алу үшін әлеуметтік көмек 1 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үй–коммуналдық шығындарының орнын толтыру үшін 5 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 2) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші, бесінші абзацтарында 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға тұрғын үй–коммуналдық шығындарының орнын толтыру үшін 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде – "Павлодардың туберкулезге қарсы диспансері" қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Шарбақтының туберкулезге қарсы кабинеті ұсынған тізімі негізінде;

      осы Қағидалардың 7 тармағының 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға 10 (он) АЕК мөлшерінде (жол жүру үшін) – шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан ұсынылған тізім негізінде.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 18.04.2014 N 127/43 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2014 N 134/46 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2016 № 6/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2017 № 87/25 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2019 № 191/56 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Уәкілетті ұйым табысын есептеп көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 7 тармағының 6), 7) тармақшаларында 9) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, оныншы абзацтарында 10) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға табысы төменгі күнкөріс деңгейі белгіленген мөлшері аспайтын отбасыларға отын сатып алу үшін Шарбақты ауылында тұратындарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжаты, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі, мәртебесін растайтын құжат, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтер негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқу ақысының нақты төлем мөлшерінде жоғарғы оқу орындарына оқу ақыларын төлеу үшін әлеуметтік көмек – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, білім беру қызметін көрсету үшін аудан әкімімен, жоғарғы оқу орны басшысымен және шәкіртпен қол қойылған үш жақты келісім–шарт, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тұрғылықты жерінен тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі, орта білімі туралы аттестат, сертификат, жұмысқа қабілетті (жұмыс істейтін) отбасы мүшелерінің еңбекақысы туралы анықтама және жұмыс істемейтіндер үшін еңбек кітапшасының көшірмесі (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне), ата–анасының қайтыс болғандығы туралы куәлігі, қамқоршыны тағайындау туралы құжат негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жұмыссыз мәртебесін растайтын құжат, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жүктілігіне байланысты есепте тұрғандығы жөнінде медициналық анықтама, ҮҚ бекітілген нысаны бойынша тұлғаның (отбасының) құрамы, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттарға "Мектепке жол" акциясы бойынша бір оқушыға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі, мектепте оқитындығы жөніндегі аңықтама, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының тоғызыншы абзацында (емделуге қажетті ауыру, 1 айдан аса ұзақ ауыру, ота жасауды қажет ететін ауыру) көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек 10 АЕК мөлшеріне дейін (аудандық арнайы комиссия шешімі бойынша);

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағиданың 7 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға облыс әкімінің грантымен оқып жатқан шәкірттерге оқу мерзімінде жатып–тұруына, тамақтануларына және жолақысына 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде – білім беру қызметін көрсету үшін үш жақты келісім шарт негізінде;

      осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға бала тағамын сатып алу үшін 4 АЕК мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жасанды тағаммен тамақтанатын баланың тұрғылықты жері туралы медициналық анықтама, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      осы Қағидалардың 7 тармағының 9) тармақшасының төртінші, он бірінші абзацында көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар үшін ата-аналық өтемақыға 3 (үш) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ жеке банк опреацияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, өткен тоқсанда отбасының алған табысы туралы мәліметі, мектепке дейінгі ұйымдардан қатысу табелін ұсыну мен анықтаманың негізінде.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 24.09.2014 N 142/48 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2015 N 217/61 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2019 № 191/56 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Осы Қағиданың 8 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмектің мөлшері жекелеген азаматтардың санаттарына облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін аудандық арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса келесі құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) ҮҚ бекіткен нысанда адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      14. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша ҮҚ бекіткен нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18–тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      25-1. Алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      Ескерту. 3-1 тарауы алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық–әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
      5) Алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2015 N 217/61 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      Ескерту. Шешім 5 бөліммен толықтырылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2015 N 217/61 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      28. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі мен есепке алынуын уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді.

  2014 жылғы 15 қаңтардағы
Шарбақты аудандық
мәслихатының № 106/37
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
1 қосымша

Шартталған ақшалай көмек алу үшін
сауалнама парағы

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  2014 жылғы 15 қаңтардағы
Шарбақты аудандық
мәслихатының № 106/37
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
2 қосымша

Өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  2014 жылғы 15 қаңтардағы
Шарбақты аудандық
мәслихатының № 106/37
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
3 қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  2014 жылғы 15 қаңтардағы
Шарбақты аудандық
мәслихатының № 106/37
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
4 қосымша

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  2014 жылғы 15 қаңтардағы
Шарбақты аудандық
мәслихатының № 106/37
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
5 қосымша

Отбасыға көмектің ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2016 N 18/6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады