Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 03.02.2021 № 1/76 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі 325-ө-м "Aрнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Aлматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 1/110 "Aрнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1022 тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Aрнайы комиссия туралы ережедегі:
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Aлматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Aлматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Aлматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Aлматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 1/86 қаулысымен бекітілді |
|
Aрнайы комиссия туралы Ережеге қосымша |
Aрнайы комиссияның қорытындысы
20___ ж. _____ _______ № _____
Aрнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген келесі адамдардың (отбасылардың)
№ п/п | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Учаскелік комиссия қорытындысының № |
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
әлеуметтік көмек ұсыну ____________________________________________
(қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)
Әлеуметтік көмектің мөлшері _________________________________теңге.
(сомасын жазу)
Комиссия төрағасы: __________________ _____________________________
Комиссия мүшелері: __________________ _____________________________
___________________ _______________________________
___________________ _______________________________
___________________ _______________________________
___________________ _______________________________
___________________ _______________________________
(қолдары) (Т.A.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен __ данада
20__ж. "__"___ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.A.Ә., лауазымы,
қолы _______________________________________________________________
Орындаған: ________ __________________
(қолы) (Т.A.Ә.)