Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін;
заңды тұлғаның орыс тіліндегі атауы өзгермейді.
2. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туралы Ереже бекітілсін.
3. Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Алматы қаласы әділет органдарында Басқарманың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/116 қаулысымен бекітілді |
"Алматы қаласы Тілдерді дамыту,
архивтер және құжаттама басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында тілдерді дамыту, ономастика, архив ісі және құжаттама салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление по развитию языков, архивов и документации города Алматы".
10. Осы Ереже "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және Алматы қаласының жергілікті бюджеті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
12. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығына сәйкес "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы анықталды – мемлекеттік тілдің басымдық жағдайымен және Алматы қаласында тұратын этностардың тілдерін дамыта отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру; архив қоры құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерінің сапасы мен тиімділігін арттыру.14. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-1, 25-2 баптарымен, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңының 18 бабымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығымен анықталды:
1) Алматы қаласында тілдерді дамыту, ономастика, архивтер ісі және құжаттама саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Алматы қаласында тілдерді дамыту, ономастика, архивтер ісі және құжаттама саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылау;
3) қазақ тілінің мемлекеттік басқарудың және іс жүргізудің негізгі тілі ретіндегі әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;
4) Алматы қаласында басқа тілдердің сақталуы мен дамуына жағдай жасау;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
6) басқа органдармен бірге архив ісі мен іс жүргізудің мемлекеттік жүйесін дамыту және жетілдіру.
15. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 75, 509 баптарымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабының 43, 108 тармақтарымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-1, 25-2 баптарымен, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңының 15-1, 18-баптарымен, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығымен анықталды:
1) Алматы қаласында тілдерді дамыту, ономастика, архив ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
2) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету, Алматы қаласындағы ономастикалық жұмыстарды үйлестіру;
3) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы архивтер және құжаттама саласындағы сараптамалық-тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне арналған қалалық байқаулар мен әдеби оқулар, Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу;
5) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) Алматы қаласында мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену үшін жағдай туғызу;
7) мемлекеттік және басқа тілдерді оқытуға арналған танымдық, интерактивті, электронды бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік, көрнекі құралдар әзірлеу және шығару;
8) мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар әзірлеу және шығару;
9) Алматы қаласында орнатылатын сыртқы жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды ресімдеуде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету;
10) Алматы қаласындағы тілдік ахуал мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер, мониторингтер жүргізу;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттары жөніндегі ақпараттық желілер мен мәліметтер базасын құру және жетілдіру жұмыстарын жүргізу;
12) Алматы қаласының аумағындағы архив ісі және іс жүргізу жағдайына талдау жасау, оның үрдістері мен заңдылықтарын зерделеу және даму тұжырымдамасы мен стратегиясын белгілеу;
13) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізудің бірыңғай тәртібін енгізу;
14) Алматы қаласының ведомстволық архивтерінің жұмысына және мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардағы іс жүргізу жағдайына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету және бақылау жасау;
15) шет елдердің архивтері мен ғылыми мекемелеріндегі Алматы қаласы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды іздестіру, анықтау және олардың көшірмелерін алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
16) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, анықтамалық құжаттар мен материалдар әзірлеу және шығару;
17) гендерлік аспектілерді қарастыру;
18) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау;
19) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының қызметін жүзеге асыру;
20) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарау, келісу және бекіту;
21) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
22) коммуналдық заңды тұлғаларды мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімімен қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру;
23) өзіне оралымды басқаруға берілген коммуналдық меншікке иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыру (билік етусіз);
24) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
25) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға тұрақты негізде аударуды қамтамасыз ету.
16. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізгі міндеттерін орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңмен белгіленген тәртіпте төмендегідей құқықтарға ие:
1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан қажетті ақпарат сұрау және алу;
2) Алматы қаласының мемлекеттік органдарының және басқа ұйымдарының өкілдерін мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, архивтер және іс жүргізу жағдайы мәселелері бойынша тыңдау;
3) Алматы қаласының мемлекеттік органдарының және басқа ұйымдарының Қазақстан Республикасының тіл және архив ісі туралы заңнамаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
5) Алматы қаласы кәсіпкерлік субъектілері қызметінің саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
6) Алматы қаласы кәсіпкерлік субъектілері қызметінің саласында деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылау.
17. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, мекемені құру мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуына құқығы жоқ.
3. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
18."Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады.19. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
1) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапты болады;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының тәртіптік заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза тағайындайды;
12) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
27. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында: 1) Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
2) "Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.