1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Мейрамұлы Тұтқышевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Әбішев |
"КЕЛІСІЛДІ": "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республиқалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 2016 жылғы 22 қараша |
О.Қабыкеев |